Қазақстанда қымыз өндірісі артты

Mehrshad Rajabi/unsplash.com/
Mehrshad Rajabi/unsplash.com/

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 178 тонна қымыз өндірілді, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 12 тоннаға аз болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық статистика бюросы Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін қарап көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша, қымыз өндірісі 7,2% артқан. Мәселен, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 178 тонна қымыз өндірілді, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 12 тоннаға аз болған.

"Сонымен бірге шұбат өндірісі 2,8% төмендеді. 2025 жылдың алғашқы екі айында 184 тонна шұбат өндірілген, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 тоннаға аз", - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, 2023 жылы қымыз өндірісі 1812 тоннаны құраса, 2024 жылдың 12 айында 1541 тонна өндірілді. Ал 2023 жылы шұбат өндірісі 1813 тоннаны, 2024 жылы 1865 тоннаны құрады.

Оқи отырыңыз: Амал, Наурызбек: Маңғыстау облысында есімі мейрамның құрметіне қойылған неше бала бар

 

Новости партнеров