Кезекші ХҚКО-лар тізімін корпорацияның ресми парақшасынан білуге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндерге орай жұмыс кестесін хабарлайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Белгілі болғандай, ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 1,7,9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
«3 және 10 мамыр, яғни сенбі күндері - кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады», - делінген корпорация хабарламасында.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
Оқи отырыңыз: Ардақ Назаров ажырасатын ерлі-зайыптыларға жоғары көлемде жарна төлетуді ұсынды