Биыл Алматыда 456 мыңнан астам салық төлеушіге жалпы сомасы 22 млрд теңгеге жуық көлік салығы есептелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 млрд теңгеге көп. Алайда салықтан жалтарып, төлемей жүрген азаматтар да аз емес. Бүгінде 60 мыңнан астам адамның мүлік салығы бойынша жалпы берешегі 3,9 млрд теңгеге жеткен. Көлік салығын қашан және қалай төлеу керек? Уақытында төлемеген жағдайда қандай айыппұл қарастырылған? Электромобильдер мен қозғалтқыш көлемі үлкен көліктерге салық қандай тәртіппен есептеледі? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімінің басшысы Алмас Жандарбековжауап береді.