Куәгерлер құтқарушылардан көмек сұрады
ТЖМ қызметкерлері құлынды құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы Наурызбай ауданында құлын үш метрлік құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Куәгерлер құтқарушылардан көмек сұрады.
Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетіп, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен құлынды алып шықты.
Жануар зардап шеккен жоқ.
Оқи отырыңыз: Қарақұрт қаптап кетті: әкімдік ақпаратты жоққа шығарды