Құрылтайда әлеуметтік "зұлымдықтармен" күресте жаңа бағыт керек екені айтылды - Әкежан Кеңесов

Алматының әр ауданында комьюнити-орталықтар жұмыс істеп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Жетісу ауданындағы комьюнити-орталық жетекшісі Әкежан Кеңесов Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты пікір білдіріп, Президенттің қоғамдағы маңызды мәселелерді қозғағанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Президент өз сөзінде қоғамдағы 5 әлеуметтік зұлымдықпен қалай күресу керек екенін атап өтті. Олардың қатарында алаяқтық, есірткі, жұмыссыздық, жат діни ағымдар, құмар ойындар бар. Бұл уақытқа дейін де осы дерттермен күресіп келе жатырмыз, әлем де күресіп жатыр. Бұл зұлымдықтармен күрес ешқашан тоқтамайды. Дегенмен осы әлеуметтік зұлымдықтармен күресте біз жыл сайын жаңа бағыттар ойлап тауып отыруымыз керек. Өйткені қоғамдық дертті күшейтіп отырған факторлар да бар.

Осы тұста айта кетерлігі, Алматының әр ауданында комьюнити-орталықтар жұмыс істеп жатыр. Жоғарыда атап өткен мәселелер бойынша біз аудан тұрғындары мен жастар арасында насихат жұмыстарын, медиасауаттылық, қаржылық сауаттылық және есірткімен күрес жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол игі істерге қоғам бірауыздан атсалысса, нәтиждел күрес болатыны анық», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Құрылтайда Президент ең өзекті мәселерді атап шықты – тарихшы

Новости партнеров