Облыста 203 әлеуметтік дүкен бар
Қазір әдеттегі дүкендер мен базарларда қырыққабаттың килограмы 250-270 теңгеден, картоптың килограмы 180-250 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жыл басынан өңірімізде кейбір көкөніс түрлерінің бағасы өскені байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің ақпарынша, қырыққабаттың бағасы 46%-ға, ал картоптың бағасы 15,6%-ға көтерілген.
Дүкендер мен базарларда қырыққабаттың бір килограмы 250-270 теңге тұрса, картоптың ең арзаны (әлеуметтік дүкендерді қоспағанда) 180 теңгеге сатылып жатыр.
Облыстық тұрақтандыру қоры биыл 810 тонна картоп пен 105 тонна қырыққабатты сауда орындарына жеткізген. Облыста 203 әлеуметтік дүкен бар.
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Дәндібаевтің айтуынша, тұрақтандыру қорында қазіргі күні 4 200 тонна картоп пен 710 тонна қырыққабат бар. Картоп әлеуметтік дүкендерде 120 теңгеден, қырыққабат 157 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ оның көлемі шектеулі болғандықтан барлық жерде арзан өнім қолжетімді емес.
Оқи отырыңыз: Оралда еріген қар суы бір көшені басып қалды