Бүгінде көпті мазалап жүрген иммундық дерттің бірі – аллергия. Жыл сайын көктем-жаз айларында пайда болып, күзге дейін созылатын бұл ауруға шағымданатындардың саны күрт көбейіп келеді. Маусымдық аллергиядан қалай құтылуға болады? Оның алдын алу жолдары бар ма? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» теларнасының студия қонағы №1 қалалық клиникалық ауруханасы аллергология бөлімшесінің меңгерушісі Әйгерім Құлышева жауап береді.