Рамазанның қарызы мойныңда тұрған кезде нәпіл ораза ұстау сәл қиыспайтын дүние - имам

Abdullah Arif/ unsplash.com/
Abdullah Arif/ unsplash.com/

Имам оразаның қарызын қашан өтеу керек екенін айтты 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Имам Нұрлан қажы Байжігітұлы әлеуметтік желіде айттан кейін ұсталатын оразаға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дін өкіліне «Ораза айттан кейін қаза оразаны ұстаймын ба әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаймын ба?»  деген сауал қойылған.

"Рамазан айының өзі және оның кәффараты мен қазасы да парыз болып есептеледі, яғни, Құрандағы құдайдың бұйрығы. Қазір біз сауабы 360 күнге тең деген нәпіл оразаны дәріптегеніміз соншалық, Рамазан айының қадірін төмен түсіріп жатырмыз, қарызымен қосып. Оны кейін ұстаймын деген болмайды. Бірінші қарыздан құтылыңыз, қанша күн қарызыңыз бар, соны өтеңіз. Ал Шәууәл айы бір айға созылады. Нәпіл ораза – сауап, бірақ міндет емес, қосымша, таласатын дүние емес. Екеуіне бір ниет қылмайды, екеуі жеке-жеке құлшылық. Рамазанның қарызы мойныңда тұрған кезде нәпілді ұстау сәл қиыспайтын дүние. Өйткені қарыз үшін сұраласыз, ал нәпіл үшін сұралмаймыз. Бұл сауапты амалдың бірі, ұстасаңыз – сауап, ұстамасыңыз – сұрағы жоқ. Сондықтан сұрағы бар бар нәрсеге ұмтылуға шақырамын", - деді имам.

Дереккөз: Aikyn.kz

Новости партнеров