Мұғалімдер сапалы білім мен саналы тәрбие беруді күшейтуі қажет - Асхат Аймағамбетов

Президент Ұлттық құрылтайда «Адал азамат» пен ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне ерекше тоқталып өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде шағын және орта бизнестің дамуына оңтайлы жағдай жасалған. Соның нәтижесінде, олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 37 пайыздан асты. Бұл туралы Мәжілісте Президенттің саяси реформаларын іске асыру тақырыбын талқылау кезінде қоғамдық палатаның мүшесі, экономист Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ел экономикасына тартылып жатқан инвестицияның жартысынан астамы шағын және орта бизнеске тиесілі. Саяси реформалар кейінгі жылдары экономиканың тұрақты дамуына ықпал етіп отыр.  

 «Ішкі өнім өткен жылдың қорытындысы бойынша 288 миллиард долларға жетіп, адам  басына шаққанда 14 мың доллардан асты. Шетелдік инвесторлар өңдеу өндірісіне молынан инвестиция тарта бастады. Соның нәтижесінде елімізде жаңа өндіріс салалары пайда болып, өңдеу саласы қарқынды дамуда, – деді ҚР Парламенті мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі, экономист Жақсыбек Күлекеев.

Отырыста барлық салада атқарылып жатқан негізгі жұмыстар талқыланып, кемшін тұстарын шешудің жолдары да қаралды. Депутат Асхат Аймағамбетов медициналық сақтандыру бойынша әлі шешілмеген сұрақтар көп екенін айтты. Мәселен 3,5 миллион халық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылмаған. Одан бөлек, реттелмеген тарифтер сияқты мәселелер де бар.

 «Азаматтық қызметкерлердің жалақысының төмендігі және де 500 мың мүгедектігі бар жанның бүгінгі бағаларға сай келмейтін  жәрдемақы мәселесін де болашақта шешетін боламыз. Президент Ұлттық құрылтайда «Адал азамат» пен ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Мұғалімдер мен барлық қоғам сапалы білім мен саналы тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтуі қажет», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция қабылдады

 

     

Новости партнеров