Рамазан – нұр шашқан ай: Алматыда мешіттер арасында байқау жарияланды

Almaty.tv
Almaty.tv

Жеңімпаз мешіттер қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Байқаудың мақсаты – қасиетті айдың сән-салтанатын арттыру, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау және оразаның құндылығын насихаттау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-мәслихатында «Әл-Латиф» мешітінің бас имамы Қанатәлі Такиров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқаудың мақсаты – қасиетті айдың сән-салтанатын арттыру, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау және оразаның құндылығын насихаттау.

Байқау шарттары:

  • Қасиетті Рамазан айында мешіт аулаларын безендіру;
  • Безендіру жұмыстарында қазақи нақышты қолдану;
  • Мешіттің тазалығын қамтамасыз ету;
  • Мешітте оразаға қатысты ақпараттардың болуы;
  • Ауызашар беретін орындарды безендіру.

Байқауға Алматы қаласында орналасқан мешіттер ғана қатыса алады. 

Жеңімпаз мешіттер қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Оқи отырыңыз: Ораза кезінде ішімдік сатылмауы мүмкін

Новости партнеров