Игі бастаманы қала тұрғындары мен кәсіпкерлер қолдап, өз үлестерін қосқан
Рамазан – жүректер жұмсарып, мейірім мен қайырымдылық еселенетін қасиетті ай. Бүгін Алматының мешіттерінде ауқымды қайырымдылық іс-шара басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның аясында 1200 адамға арналған азық-түлік қораптары жиналды. Игі бастаманы қала тұрғындары мен кәсіпкерлер қолдап, өз үлестерін қосқан.
«Биыл ҚМДБ-ға 35 жыл толып отыр. Осыған орай, жыл бойы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылу жоспарланған. Соның бірі – Рамазан айының ішінде 35-мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсету, – деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан.
Алматы Орталық мешітінің өзінде 200 мұқтаж жанға қажетті көмек берілді. Ұйымдастырушылар бұл игі бастаманың ай бойы басқа өңірлерде де жалғасатынын тілге тиек етті.
«Орталық мешітінде ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шараға рахмет айтамын. Оразалары қабыл болсын! – деді қала тұрғыны Жанна Жаңбырбайқызы.
Оқи отырыңыз: Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма