Елімізде жетекші билік органдарында қанша әйел қызмет атқарады

сгенерировано ИИ
сгенерировано ИИ

Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билік органдарында әйелдерге арнайы квоталар берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билік органдарында әйелдерге арнайы квоталар берілді. Нәтижесінде, Парламент пен мәслихаттардағы әйелдер үлесі артты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі кезде Парламентте 28 әйел депутат бар, бұл жалпы депутаттар санының 18,9%-ы. Мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті.

Мемлекеттің 21 министрлігінде, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінде 3 әйел министр, 8 вице-министр, 3 аппарат басшысы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам (53%).

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і).

Оқи отырыңыз:Тұрғын үй кезегі: Алматыда 7 мыңнан астам пәтер беріледі

Новости партнеров