ШОБ өкілдерінің арасында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48 пайызға  жетті

Almaty.tv
Almaty.tv

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 105 мыңнан астам әйелдің жобасына қолдау көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар іске асып жатыр. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет еткен кезең ішінде 4,1 млрд теңге көлемінде 105 мыңнан астам әйелдің жобасына қолдау көрсетті.

Бүгінде әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған арнайы бағдарламалар бар. «Отбасы банк» пен Азия даму банкі бірлесіп, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Үш жыл ішінде бұл бағдарлама 3 660 қазақстандық әйелге баспана сатып алуға көмектесті. Жалпы несие көлемі – 41,2 млрд теңге. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған әйелдер де енді мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне жеке санат ретінде енгізілетін болады

Оқи отырыңыз: Елімізде жетекші билік органдарында қанша әйел қызмет атқарады

Новости партнеров