Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді

CHUTTERSNAP/ unsplash.com/
CHUTTERSNAP/ unsplash.com/

Енді жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жұмыс уақыты енді сағат 08.00-де басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кеншілер шаһарында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Демек, осындай жаңашылдық облыстағы 13 қала, ауданның 12-сінде енгізілді. Бұл бастама еңбек үдерістерін оңтайландыруға және аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Алайда бұл өзгеріс мектептердің, балабақшалардың және медициналық мекемелердің жұмысына әсер еткен жоқ.

Риддерліктердің пікірінше, жаңа жұмыс кестесі ыңғайлы.

"Бұл – дұрыс және уақтылы шешім. Біріншіден, таңертең қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық. Екіншіден, таңғы уақытта өнімділік жоғары, жұмыс істеу жеңілірек әрі жылдамырақ", - дейді қала тұрғыны Ляззат Шаяхметова.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Акужанов жаңа жұмыс кестесі тұрғындармен мұқият талқыланғанын атап өтті.

"Біз жергілікті халықпен бірқатар кездесу өткізіп, бұл мәселені жіті талқыладық. Қала тұрғындары бастаманы қолдады", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: ауланы жаңарту үшін бояуды қалай тегін алуға болады

Новости партнеров