Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді
Шымкент полициясы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан күдіктінің үстінен «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс оқиғасы орын алды.
Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Оқи отырыңыз: Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды