Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды
Елордадағы сауда ойын-сауық орталығының бірінен 178 мың теңге тұратын құлаққапты ұрлаған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты А.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады. Сотталушы жасаған ісіне өкінген. Ол кішкентай баласының барын айтқан.
Сот үкімімен сотталушы А. ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында мал ұрлығын кәсіп еткен 4 қылмыстық топ ұсталды