Шардара су қоймасы 90 пайыз толды

Ботагоз Жокенкызы
Almaty.tv
Almaty.tv

Су шаруашылығы нысандары тұрақты түрде мониторингтен өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, бүгінде көктемгі су тасқыны бойынша өңірдегі жағдай тұрақты. Алдын алу шаралары да жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Департаментте тәуліктік кезекшілік штабы ұйымдастырылған. Су шаруашылығы нысандары тұрақты түрде мониторингтен өтіп жатыр.

"Су қоймалардың толуы – 43 пайыз. Таулы аудандарда 2-4 см аралығында тоң қату байқалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Наурыз айында ауа температурасы жоғары, яғни түнде 3+6, күндіз 15+25 0С дейін жылы болатыны көрсетілген. Сырдария өзенінің жағдайы тұрақты бақылауда. Шардара су қоймасының толуы – 90 пайыз немесе 4 669 млн текше метр. Су қоймаға секундына 734 текше метр су қабылданып, 565 текше метр Сырдарияға тасталып жатыр", - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бүгінде өңірдегі қашыртқы арналар мен арықтар, жол бойындағы су өткелдері механикалық тазалаудан өткен. Инертті материалдар да дайын. Көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы 1064 жеке құрам, 124 техника, 11 қайық пен 92 мотопомпа дайындыққа келтірілген.

Дереккөз: Қазақпарат.

Оқи отырыңыз: Мұз жару: СҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді

Новости партнеров