Шымкентте қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты

Заңсыз табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй мен 10 автокөлік сатып алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 4 мыңнан астам адамды сан соқтырған қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өздерін зергерлік бұйым сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан ай сайын 20-40 пайыз көлемінде табыс табуға уәде берген. Ал шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылып отырған. Ал заңсыз табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй мен 10 автокөлік сатып алған.

 «Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және 12 кг алтын бұйым тәркіленген. Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында темір жол бойында адам мәйіті табылды

Новости партнеров