Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында спортшы 14-орын алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 117,78 ұпай жинады. Жалпы сомасы – 181,36 ұпай.

«Нәтижесінде жарысты 14-орынмен аяқтады», - делінген хабарламада.

Жеңісті америкалық Алиса Лью (222,97) иеленді. Екінші орынға жапондық Каори Сакамото (217,98) тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір жапондық спортшы Монэ Тиба (215,24) қорытындылады.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында топ-24 қатарына енуі қажет еді. Бұл көрсеткіштің ресми түрде расталуы кейінірек жарияланады.

Оқи отырыңыз: Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алды

Новости партнеров