Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 жылда 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылған. Олар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп салаларында тер төгіп жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір қоныс аударған 207 адам жеке кәсібін дөңгелетіп отырса, 25 тұрғынға бизнес ашу үшін грант берілген. Халықты жұмыс күші тапшы өңірге жіберу бағдарламасы қалай іске асып жатыр? Тетіктері жақсара түсті ме? Осы жіе өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Тәжібаев жауап береді.
– Нұрлан Төлегенұлы, бағдарламаның 2024 жылғы нәтижесі қандай? Қанша отбасы қоныстанды?
"2024 жылдың қортындысы бойынша 8950 адам қоныстанды. Оның ішінде 5950-ге жуығы қоныс аударушылар. 3 мыңға жуығы қандастар болып есептеледі. Барлығы 2544 отбасыны құрайды. Қоныс аударушыларға арнайы мемлекеттен қаржылай көмек қарастырылған. Біріншіден, отбасының әрбір мүшесі үшін 70 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қаражат, 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін 12 ай ішінде ай сайын тұрғын үйді жалдауға жән коммуналдық шығындарды өтеуге арналған, шығындарды өтеу үшін бөлінетін субсиядия бар. Қысқа мерзімді оқуға жолдама, жұмысқа орналасау және кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін тиісті жәрдем көрсету және тұрғын үй салу немесе алу үшін арнайы экономикалық ұтқырлық сертификаты табысталады".
– Оңтүстік жұртын солтүстік өңірге көшіру бағытында биыл қандай шаралар қабылданады? Бағдарламаның тетіктерін жақсарту көзделген бе?
"Қоныс аударушыларды жергілікті қоғамдастыққа интеграциялау үшін 2024 жылдан бастап мансап орталықтары арқылы қоныс аударушыларға 25 түрлі тиісті қызмет көрсету ұйымдастырылып жатыр. Осының негізінде жанұялық цифрлық картаға байланысты сүйемелдеу жүргізіледі".
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында су басу қаупі бар елдімекендер анықталды