Теміртауда қарияға әлімжеттік көрсеткен бұзақылар қолға түсті

Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында қарияға әлімжеттік көрсеткен бұзақылар қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрышты қаладағы пәтерлердің бірінде жасөспірімдердің жалғыз тұратын ақсақалды аяусыз ұрып жатқан сәттегі видеосы бұған дейін әлеуметтік желіде кең тараған. Көршілерінің айтуынша, азаматтар өздерін «электрикпіз» деп таныстырған. Артынша қарияны сөзге иландырып, оған есікті ашқызған. Мәлім болғандай, бұзақылардан қорлық көрген зейнеткер 67 жаста екен. Бұзақылар бойынан қажыр-қайраты қайтқан оны әжуалап, мазақ қылған. Ал жергілікті полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық істің қозғалғанын жеткізді.

«Барлық кінәлі тұлғалар соның ішінде кәмелетке толмағандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды тұлғалары бала тәрбиесіне тиісті деңгейде қарамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Қылмыстық істі тергеу Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.  

Оқи отырыңыз: Тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

Новости партнеров