Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
Түркістан облысында алты жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті есірткіні заңсыз сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін 2019 жылдан бері іздеуде болған. Ол адамның бет-әлпетін тану функциясы бар «FaceID» смарт камерасының көмегімен ұсталды.
Қазіргі уақытта полиция жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері іздеуде жүрген 22 қылмыскерді, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген 10 адамды қолға түсірді.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан мал ұрлығы қай өңірлерде көп анықталды