Тылсым әлемге сапар: Алматының жас жазушысы белгілі болды

«Жас жазушы - 2025» атағына лайық деп танылған жеткіншектер салтанатты түрде марапатталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жас қаламгерлердің шығармашылығын шыңдауға бағытталған әдеби байқау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жас жазушы - 2025» атағына лайық деп танылған жеткіншектер салтанатты түрде марапатталды. Байқау жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығы мен «Ұлттық кітап күніне» арналды. Бұл жолы 15 пен 17 жас аралығындағы 173 оқушы фэнтези жанрында Бегалин шығармаларының желісімен тың дүниелер ұсынды. Қазылар туындыларды түпнұсқалық, әдеби шеберлік пен тақырыпты ашу деңгейіне қарай бағалады. Алғаш рет ең жас қатысушыларға арналған «Жас дарын» сыйлығы тағайындалды. «Алматының жас жазушысы» атағына ие болған жеңімпаздардың үздік әңгімелері электронды жинаққа енгізілмек.

 «Байқау туралы қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін жетекшім Айша Нұрболатқызынан естідім. Сол кісінің жетекшілігімен осы байқауға қатыстым. Шығармам «Тылсым әлемге сапар» деп аталады. Ахмет Байтұрсынұлы жазған әліппе негізінде болашақта қазақ тілінің әліппесін жасап шығару деген идеяны қозғадым, бір апта жаздым», – деді «Алматының жас жазушысы – 2025» байқауының жеңімпазы Шырайлым Айбекқызы.

Оқи отырыңыз: Мәншүк маршы: сыр өңірінде екі мыңға жуық қыз әскери-патриоттық шеруге қатысты

 

 

Новости партнеров