Ұлттық құрылтай өзекті мәселелерді ащы болса да ашық айтуымен құнды – Смағұл Елубай

Жазушы Президенттің тіл мен ұлттық кино мәселесін көтергені туралы айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты пікір білдіріп, Президенттің тіл және кино саласына қатысты айтқан пікірлері өте өзекті екенін жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Мынау шапшаң да аламан ғасырда шаң қауып қалмас үшін біз, Қазақстан, жыл сайын Ұлттық құрылтай өткізуге мәжбүр. Өйткені Қазақстан тұрмыстың барлық саласында алға шықты деп айта алмаймыз. Кемшілігіміз шаш-етектен. Осының бәрін жөндеп үлгеру үшін, ұлтты ұйыстыру үшін, әлеуметтік жағдайын, білімін көтеру үшін Ұлттық құрылтай керек-ақ.

Құрылтайда көтеріліп жатқан мәселелердің ішінде әсіресе маған ұнағаны – тіл, кино мәселелері. Олар ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Өйткені ол мәселелер – ұлттың жаны, халықтың тілі, халықтың дидары. Киноның сапалы жөнінде де Президент жақсы айтты. Халықты, қазақтың дәстүрін мазаққа айналдырмайтындай ұлттық кинолар керек екені тамаша айтылды.

Сондай-ақ ең басты мәселде 1 млн-нан аса әлеуметтік отандастарымыздың әл-ауқатын көтеру, салық мәселесі, экономика мен кәсіпкерлер жағдайы жақсы айтылды.

Құрылтай осындай өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, қанша ащы болса да ашық айтуымен құнды болып отыр. Алдыңғы құрылтайлар да солай өткен, бұл құрылтай да солай өтті, және солай өтуі тиіс те еді», - деді жазушы.

Оқи отырыңыз: Құрылтайда әлеуметтік "зұлымдықтармен" күресте жаңа бағыт керек екені айтылды - Әкежан Кеңесов

Новости партнеров