Өңірде мал ұрлығына қатысты 3 қылмыс ашылды
Ұлытау облысындағы рейд кезінде мал және ет өнімдерін заңсыз тасымалдаған 25 жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мал ұрлығына қатысты 3 қылмыс ашылған. Аймақта 10 айдың ішінде түліктерді үптеп кету статистикасы 12 пайызға азайған. Профилактикалық шара соғым науқаны аяқталғанша жалғасатын болады.
"Республикалық маңызды жолдарда 5 жылжымалы блок-бекеттер қойылды. Ветеринария саласында малды тасымалдау бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар көп орын алуда. Сонымен қатар өзекті мәселенің бірі –тұрғындар жайылымдағы малын қараусыз қалдыру. Сондықтан мал бағу кестесін ұйымдастыру қажет. Себебі қараусыз жүрген мал – қылмыскердің ең оңай олжасы", – деді Полиция департаменті Мүлікті қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы Бағдат Дәуғарин.
Оқи отырыңыз: Мал ұрлығы: Қызылордада бір тәулікте 3 дерек анықталды