Үш облыста республикалық маңызы бар жолдарды су басты

Almaty.tv
Almaty.tv

Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 629 арнайы техника мен 1860 маман жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

26 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы үш республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы "Қазавтожолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 629 арнайы техника мен 1860 маман жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Новости партнеров