Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл – ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп». Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда осылай деген Мемлекет басшысы есірткі бизнесіне қатысты мәселеге ерекше ден қойды. Өз сөзінде Президент нашақорлыққа қарсы күрестің жаңа жоспарын әзірлеуді тапсырған еді. Алматыда бұл шаруа қалай атқарылмақ? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Жетісу аудандық Комьюнити орталығының жетекшісі Есен Әбдіхалық жауап береді.