Жатақхана иесі 5 жылға бас бостандығынан айырылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің анықтау басқармасының үйлестіруімен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы маусымда болған жатақханадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нәтижесінде үш адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам қайтыс болды.
Тергеу Қылмыстық кодексінің 292 -бабы 3-бөлігі: екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша жүргізілді.
Жатақхана иесі шарттар мен қажетті құжаттарды рәсімдемей бөлмелерді заңсыз тапсырғаны анықталды. Өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірме жүргізетін қызметкерлерді елемей, олардың талаптарына құлақ аспаған, ғимаратта өрттен қорғау құралдары болмаған.
Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: 54 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды