Бұл медицина қызметкерлерін де, кейбір дөрекі базбұзарларды да тәртіпке салады
Жедел жәрдем қызметкерлерін дөрекі әрекеттерден қорғау үшін видеожетон тәсілін енгізілмек. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырсынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Біз бүкіл шақыртуларды тіркейтін видеожетон тағу тәсілін енгіземіз. Сол үшін №225-бұйрық шығардық. Әкімдіктер осы бұйрық негізінде қажетті қаражат бөлу керек. Жыл аяғына дейін кезең-кезеңмен осы жұмысты жүргіземіз деп ойлаймын. Алматы да осы тәжірибені пысықтап көрдік. Бұл медицина қызметкерлерін де, кейбір дөрекі базбұзарларды да тәртіпке салады", - деді ол.
Оқи отырыңыз: Үкімет заңсыз салынған құрылысты жасанды интеллект арқылы анықтайды