Батыс Қазақстанда нашақорлықпен күреске бағытталған Үйлестіру кеңесі өтті
Жетісу облысында жыл басынан бері 700 келіге жуық есірткі тәркіленген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Батыс Қазақстанда нашақорлықпен күреске бағытталған Үйлестіру кеңесі өтіп, жиын барысында құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшыларына нақты нұсқаулар берілді. Басқосудың нәтижесінде елімізде 50-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталғаны белгілі болды. Алматы облысында орналасқан есірткі зертханасы табылып, оларды өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленген.
"3 қарашада Қостанай облысынан есірткі сатуға келген тұлғалар ұсталды. Ақтөбе облысынан сату арнасы тоқтатылды. Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден астам сотқа дейінгі тексеру басталып, 4 фитолаброатория анықталды. Нашақорлыққа жол жоқ жобасы аясында 350-ден астам арна жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Динара Нұрсұлтанова.
Оқи отырыңыз: ҰҚК мен полиция Астанадағы астыртын цехтарды әшкереледі