Жолдың кепілдік мерзімі ұзартылады

Тың өзгеріс мердігерлердің жауапкершілігін күшейтуге, жұмыс сапасын одан ары арттыруға бағытталып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңадан төселген жолдың кепілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тың өзгеріс мердігерлердің жауапкершілігін күшейтуге, жұмыс сапасын одан ары арттыруға бағытталып отыр. Жиынға қатысушылар орташа жөндеуден өткен жолға берілетін кепілдік мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылатынын да жеткізді. Бұдан бөлек кездесуде тағы екі мәселе қаралды. Комплаенс мамандарын дайындайтын бағдарламаның әзірленіп жатқаны және парақорлықтың алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жұмысы жалғасатыны сөз болды.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің институты 2-3 жылдың төңірегінде ашылды. Енді бұлар квазимемлекеттік мекемелердің ішінде ашылып жатыр. Әкімнің тапсырмасы бойынша комплаенс қызметкерлерінің деңгейін арттыру мақсатында олардың дайындығын, тәжірибе алмасу жұмыстарын күшейтуге тапсырма берілді», – деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахымов.

Оқи отырыңыз: 38 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта тәркіленді

Новости партнеров