Олардың көбі Қытай мен Өзбекстаннан келген
2025 жылдың басынан бері 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Монғолиядан, 1,9% – Ресейден және 2,2% басқа елдерден.
«Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары», - деп хабарлайды министрлік.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 500-ден астам көшеге елеусіз қалған қаһармандар есімі беріледі