Кездесуге профилактикалық есепте тұрған азаматтар шақырылып, оларға әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетілді
Алматы қаласының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған ашық форум ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесуге профилактикалық есепте тұрған азаматтар шақырылып, оларға әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетілді. «Зорлық-зомбылықсыз отбасы: диалог, профилактика, қорғау» тақырыбында өткен форум аясында спорттық және шығармашылық үйірмелерге арналған тегін ваучерлер туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шараға қалалық басқарма өкілдері, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік мекемелердің мамандары қатысты.
«Бұл форумға Алматы қаласының прокуратурасы шақырды. Жақында «Отбасы берекесі» деген кітабым шыққан. Қазіргі кезде ең үлкен кемшілік адамдар өзін танудан бұрын біреудің кінәсін көргіш. Сондықтан әрбір бас қосқан екі адам бір-бірінің кемшілігін ұрыс-керіссіз жөндеуге болады», – деді қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы.
Оқи отырыңыз: Талғарда тағы да төбелес: қылмыстық іс қозғалды