Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жол жабылды

Bryan Goff/unsplash.com/
Bryan Goff/unsplash.com/

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

7 наурыз сағат 08:30 жағдай бойынша 7 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысында «Астана-Қарағанда-Алматы » автожолының 1291- 1353 шақ., (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Абай облысында  «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

Атырау облысында «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақ., (Атырау қаласы — Махамбет ауылы дейін).

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).

Қарағанды облысында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы:
— 1353-1426 шақ., Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін.
— 1610-1855 шақ., Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін.
— 1505-1610 шақ., Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.

Қостанай облысында «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-340 шақ., (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

Ұлытау облысында «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолы:
— 137-252 км, Ұлытау ауылы — Қостанай облысының шекарасы.
— 37-137 км, Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында 13 заңсыз дүңгіршек сүрілді

 

Новости партнеров