АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты

стоп кадр
стоп кадр

Өрт сөндірілген, зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бейсенбі күні кешке Денвер халықаралық әуежайында бортында жолаушылар отырған American Airlines ұшағы өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Әуекомпаниясының өкілі телеарнаға берген мәлімдемесінде ұшақтың Колорадо-Спрингстен шығып, Даллас/Форт-Уэрт халықаралық әуежайына бағыт алғанын, алайда Денверге мәжбүрлі түрде қонуға тура келгенін айтты.

Ұшақ қонғаннан кейін жолаушыларды түсіруге дайындалып жатқанда, "қозғалтқышқа байланысты мәселе туындап", өрт шыққан. Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 18:00-де болған.

"Ұшақтағы 172 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі эвакуацияланып, терминалға жіберілді. Біз экипаж мүшелеріне, Денвер әуежайының қызметкерлеріне және төтенше жағдай қызметтеріне барлық жолаушылар мен әуежайдағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жылдам әрі батыл әрекеттері үшін алғысымызды білдіреміз", – делінген әуекомпания мәлімдемесінде.".

Әуежай өкілінің мәліметінше, әуе кемесі C38 шығыс қақпасында өртенген.

Жарияланған видеокадрларға қарағанда, эвакуация кезінде жолаушылар ұшақ қанаты арқылы шығарылған, ал ұшақтан қою түтін шығып жатқан.

Өрт сөндірілген, зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында ҚТЖ қызметкері есірткі таратумен айналысқан

Новости партнеров