Аза тұту күні жарияланды: Испанияда су тасқынынан 72 адам қаза тапты

Мира Байбек
© X.com/Michael45231497
© X.com/Michael45231497

Бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Испанияның оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 72-ге жетті. Ел билігі үш күндік ресми аза тұту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

RTVE агенттігінің хабарлауынша, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құрбан болғандардың басым көбі Валенсия қаласынан болған.

Табиғи апат салдарынан теміржол қатынасы үзіліп, ондаған рейс тоқтатылған. Апаттың ауырлығына байланысты Валенсия әуежайына қонуы тиіс рейстер басқа өңірлерге жіберілді. Қаланың кейбір ауданымен байланыс толығымен үзілді.

Аумақтық саясат министрі Анхель Виктор Торрестің мәлімдеуінше, аймақтың инфрақұрылымына едәуір шығын келген.

Айта кетсек, Валенсиядағы су тасқынына бір күн бұрын, 29 қазанда болған соңы дауылға ұласқан нөсер жаңбыр себеп болып отыр. Қатты су ағыны адамдарды, көліктерді шайып, ғимараттарды қиратып кеткен. Көптеген адам үй шатырлары мен көпірлерге шығып, жан сақтап қалған.

Қазіргі кезде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда және оған жүздеген әскери қызметкер қатысып жатыр.

Оқи отырыңыз: Филиппиндегі Трами дауылынан 85 адам қайтыс болды

Новости партнеров