Францияда түрмелерге шабуыл жасаған 25 адам ұсталды

ev/unsplash.com/
ev/unsplash.com/

Министр түрмелерге шабуылдарды “терроризм актілері” деп атады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы екі апта ішінде Францияда түрмелер мен түрме қызметкерлеріне жасалған шабуылдарға байланысты 25 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл адамдар Франциядағы түрмелерге және олардың қызметкерлеріне сәуір айының ортасынан бері жасалған шабуылдарға байланысты Ұлттық терроризмге қарсы прокуратураның тергеуі аясында ұсталған, деп жазады Анадолы жергілікті БАҚ көздеріне сілтеме жасап.

Францияның әділет министрі Жеральд Дарманен әлеуметтік желідегі X парақшасында құқық қорғау және сот органдарына күдіктілерді ұстағандары үшін алғыс білдірді.

14-16 сәуірде және 21 сәуірде Тулон, Марсель және Люинь қалаларындағы түрмелерге шабуыл жасалып, соған қатысты тергеу басталған еді.

Министр түрмелерге шабуылдарды “терроризм актілері” деп атады.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореядағы өрт: төтенше әрекет ету режимі енгізілді

Новости партнеров