Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты

Фото: Sakchai Lalit / AP
Фото: Sakchai Lalit / AP

Табиғат апаты салдарынан көптеген тұрғын үй, әкімшілік ғимараттары мен ауруханалар қирап қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мьянмадағы күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1002-ге жетті, тағы 1670 адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Myanmar Now жазуынша, зілзаладан жараланғандар саны 2,4 мың адамнан асқан.

28 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де магнитудасы 7,7 болған жер сілкінісі болып, соның салдарынан елдің бүкіл аумағында және көршілес штаттарда ауыр зардаптарға әкеп соқты.

Куәгерлердің айтуынша, көптеген тұрғын үй, әкімшілік ғимараттары мен ауруханалар қирап қалған.

Мьянманы билігі «кез келген елден, кез келген ұйымнан» гуманитарлық көмек көрсетуді сұрап отыр және «шетелдік көмек үшін барлық жолдың ашылғанын» мәлімдеді.

БҰҰ Мьянмаға және басқа зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін 5 миллион доллар жіберетінін мәлім етті. Ұйым табиғи апаты Мьянмадағы «онысз да ауыр гуманитарлық жағдайды» ушықтырып жібергенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Президент Мьянма премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Новости партнеров