Ватикан жариялаған сертификатта Папаның комаға түсіп, 21 сәуір, дүйсенбі күні таңертең қайтыс болғаны айтылған
Рим Папасы Франциск инсульт пен жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
The Guardian дерегінше, 88 жастағы понтификтің өлімі туралы куәлікке Ватикан дәрігері Андреа Арканжели "Рим Папасы Франциск инсульттан және тұрақты жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды", деп жазған.
Ватикан жариялаған сертификатта Папаның комаға түсіп, 21 сәуір, дүйсенбі күні таңертең қайтыс болғаны айтылған.
Бұған дейін Тоқаевтың Рим Папасының қазасына байланысты көңіл айтқандығы жайлы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, Үндістанда қазаға байланысты үш күндік аза тұту жарияланғаны хабарланды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Рим Папасы Францисктің есімі бейбітшіліктің жақтаушысы ретінде мәңгі сақталады