Түркияда атыс болып, бес адам қаза тапты

aa.com.tr
aa.com.tr

Оқиғаға қатысы болған төрт адам қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияның солтүстік-батысында болған атыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар делінген 4 адам қамауға алынды.

"Сакария провинциясының Сердиван ауданында көршілес екі отбасы арасында жанжал шығып, екі жақ бір-біріне тапаншадан оқ жаудырған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылғаны атап өтілді.

Оқиғаға қатысты төрт адам қамауға алынды. Айғақ зат ретінде төрт тапанша тәркіленді.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

 Оқи отырыңыз: Жабылған жолды айналып өтпек болған: Ақмола облысында жүргізуші көлігімен суға батып кетті

Новости партнеров