Жерасты дүмпулері көрші Таиландта да сезілді
Мьянмада болған магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық екі күшті жер сілкінісі салдарынан 2056 адам қаза тауып, 3900 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті биліктің мәліметінше, 270-ке жуық адам әлі із-түзсіз жоғалған. Қирау елдің орталық аймағының көп бөлігіне, әсіресе Сикайн аймағына әсер етті.
Жерасты дүмпулері көрші Таиландта да сезілді. Бангкокта қаза тапқандар саны 17-ге, жараланғандар саны 32-ге жетті, тағы 83 адам із-түзсіз жоғалған.
Ауқымды қирауға байланысты билік құрбандар санының одан әрі артуы мүмкін деп болжап отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат:
Оқи отырыңыз: Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты