Ғылыми ұйым қызметкерлерінің жалақысы өсті

Almaty.tv
Almaty.tv

Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті, оның 46%-ы жас ғалымдар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды», деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте.

Ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2025-2027 жылдарға 531,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.

Ғылымды дамытуға және сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жоғары ғылыми ұйым түріндегі жаңа мәртебесі анықталды.

Инновациялық инфрақұрылымды қолдау үшін бірыңғай терезе болатын және венчурлік қаржыландыруды тартатын Ғылым қорының мәртебесі кеңейтілді.

Ғылыми қызметкерлердің мәртебесін арттыру үшін ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға ұлғайтылды, ал ғылыми атақтар үшін қосымша ақылар 50 АЕК-ке дейін өсті.

Жалпы, елде ғылыми зерттеулермен 425 ұйым айналысады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11-ге көп. Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті, оның 46%-ы жас ғалымдар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады

Новости партнеров