Алматы тауларында шаңғышылар қар көшкініне себеп болды

Құрбан болғандар мен зардап шеккен туралы ақпарат түскен жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тауларында бір тәулікте үш қар көшкіні болды. Оның алғашқысы кеше сағат 10:00 шамасында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиғаға ескертуді елемей, қоршаудан асып, белгіленбеген қауіпті аймаққа шыққан 3 турист себеп болған. Салдарынан шамамен 3,5 мың текше метр қар сырғып түскен. Қауіпсіздік қызметі шұғыл жұмыстарын бастап, бірнеше шаңғы трассасын уақытша жапқан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір құзырлы органдар оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

 «Қазір ережені ескермей, қауіпті аймаққа еніп кеткен 3 шаңғышының екеуі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Шымбұлақ әкімшілігі демалушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ескерту белгілеріне мән беруге үндейді», – деді  «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты операциялық бөлім бастығының орынбасары Андрей Шубков.

Ақбұлақ тау шаңғы курорты аумағында да тағы бір қар көшкіні тіркелді. Бұл жолы 300 текше метр қар жыраға құлаған. Сондай-ақ Шымбұлақ-Мыңжылқы жолының маңында бақылаулы жарылыс жүргізіліп, 60 мың текше метр қар түсірілді. Бұл қауіптің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шара болатын.

Оқи отырыңыз: Астанада жүргізушілер жолда төбелес шығарды

Новости партнеров