Алматыда Президенттің кеңесшісі дін өкілдерімен кездесті

Қаланың бас имамы осы бағытта атқарылған жұмыс туралы баяндады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Алматыда дін өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Бурабай төрінде өткен Ұлттық құрылтайдағы маңызды мәселелер талқыланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, қайырымдылық жасау, әлеуметтік бағыттағы жұмыстар мен жат ағымдардың алдын алу жайы сөз болды. Әсіресе отандық спортшылар арасындағы діни көзқарасты реттеу мәселесіне ерекше назар аудару қажет екені айтылды. Сонымен қатар қаланың бас имамы осы бағытта атқарылған жұмыс туралы баяндап, алдағы жоспарын бөлісті.    

«Мүфтият жоспарына іс-шараларды енгізе отырып, жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатыр. Құрылтайда өте өзекті, маңызды  мәселелер айтылды деп санаймыз. Біз мешіттегі уағыз-нәсихат кезінде халыққа жеткізуге тырысамыз», – деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.

Оқи отырыңыз: Мәлік Отарбаев: Мемлекетке адал қызмет ету – бәрімізге ортақ міндет

Новости партнеров