Талғат Жанысбай Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты пікір білдірді
«Көкшетауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері тарапынан да біраз өзекті мәселелер көтерілді. Президент сол көтерілген мәселелерді түйіп алып, Үкіметке біраз тапсырма берді». Осылай деген тарихшы, саясаттанушы Талғат Жанысбай кеше Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Президент «Жайлы мектеп» бағдарламасын тездетіп орындауды тапсырды. «Биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады. Мына жайтты қаперде ұстаған жөн: барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуға тиіс» деп атап өтіп, Үкімет мен «Самұрық Қазынаға» тапсырма берді. Бұл мектеп тапшылығы мәселесін жоюда өте тиімді деп ойлаймын. Өйткені қазіргі таңда үл ауысыммен оқып жатқан мектептер әлі де бар. Және сапасы сын көтрмейтін ескі мектептер де бар. Сол себепті Президент тапсырған «Жайлы мектеп» ағдарламасының орындалуы өте өзекті болып отыр», - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, сондай-ақ елімізде денсаулық сақтау саласына өте көп көңіл бөлу керек екенін айтып өтті. Оның ішінде зааманауи емханалар салу, жедел жәрдем станцияларын жақсы жағынан дамыту, сапасын арттыруға қатысты біраз тапсырма берді. Соңғы кезде Парлементте де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты мәселе көтеріліп жатыр. Себебі МӘМС төлесе де, халық ұзын-сонар кезек салдарынан амалсыздан ақылы емханалар көмегіне жүгінуге мәжбүр болып жатады.
«Одан кейін шекаралық аймақтардың дамуы туралы айтқаны өте өзекті болды. Себебі әлемде, көрші елерде болып жатқан геосаяси жағдайларды ескере отырып, шалғайда орналасқан шекаралық аймақтардағы ауылдардың экономикасын оңалтып, инфрақұрылымын дамытып, жергілікті халықтың білім сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мәселесін көтергені өте дұрыс болды. Бұған дейін де шекаралық аймақтарды дамыту мәселесін тапсырған болатын, дегенмен Ұлттық құрылтайда осы өзекті проблеманы тағы еске салып, Үкімет бірақатар тапсырма берді.
Сонымен қатар Наурыз мейрамын атап өтуге байланысты 14 наурыздағы Көрісу күніне бастап, он күндік Наурызнаманың бекітілгенін, сол арқылы ұлттық құндылықтарымызды сақтау керек екеніне, оның ішінде ұлттық киімді насихаттау қажеттігін ерекше атап өтті. «Әлем қызығатындай сәнді киімдеріміз өте көп» деді. Шетелдің, кейбір ағымдардың тұмшаланған қара киімдерінен бас тартып, өзіміздің ұлттық киімдерді көбірек дәріптеп, киіп жүруді ұсынды.
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай халықтың әл-ауқатын көтеруге, экономиканы, кәсіпкерлікті дамытуға байланытсы бірқатар мәселені көтерді. Оның ішінде қосымша құн салығына да қатысты даулы мәселерді айтып өтті», - деді Талғат Жанысбай.
Оқи отырыңыз: Ұлттық құрылтайда Президент еліміздің алдағы бағдарын айқындап берді - Мәулен Әшімбаев