Сәби балалар үйіне орналастырылған
Павлодар облысында отбасында жарақат алған сәбидің жағдайы оңалып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Cәуле Шәкенева 2025 жылдың 19 наурызынан бастап балалар үйінде жатқан төрт айлық сәбидің жағдайы туралы айтты.
– Сәби отбасында алған жарақаттары салдарынан екі рет облыстық балалар ауруханасынан шығарған сәттен бастап балалар үйіне орналастырылған. Бүгінде баланың жағдайында тұрақты, оң динамика байқалады, – дейді Cәуле Шәкенева.
Заңды өкілге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, материалдар соңғысының құқықтарын шектеу үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.
Еске салайық, Павлодар облысының бір ауылында төрт айлық сәби үйінде ауыр бас жарақатын алып, бірнеше күн жансақтау бөліміне түскен. Бала бірнеше күннен соң травмотология бөліміне ауысқан. Артынша мемлекетік мекемеге тапсырылған.
Ал сәбидің 36 жастағы анасы бірден екі кішкентай баласына ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін екені айтылды.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында асырап алған мүгедек баласын қорлап келген әйел жазаланды