СҚО-да танысының телефонын ұрлап әкетіп, отбасылық құпиясын таратқан тұрғын сотталды

Jonas Leupe / Unsplash
Jonas Leupe / Unsplash

Үкім заңды күшіне енді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық құпияны таратқан тұрғын сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Айыртау аудандық соты Л. есімді азамат өзгенің конституциялық құқығы мен бостандығына қарсы қылмысы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды.

«Сот оның бұған дейін танысы К. есімді тұрғынның ұялы телефонын ұрлап әкеткенін және мессенджер арқылы ортақ таныстары арасында оның жеке өмірі туралы жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді әдейі таратқанын анықтады», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 4-бөлігі алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны көздейді.

Бұл ретте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда көпшілік алдында сөйлеген сөзінде осындай мәліметтерді таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 Оқи отырыңыз: Ақмола облысында асырап алған мүгедек баласын қорлап келген әйел жазаланды

Новости партнеров