Пилоттық жоба биыл аяқталып, 2026 жылы қолданысқа енгізбек
Үкімет заңсыз салынған құрылысты жасанды интеллект арқылы анықтайды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, белгілі бір аумақтың құрылысын жоспарлау жобаларын іске асырғаннан кейін қандай да бір заң бұзылса, жасанды жады мемлекеттік бақылау органдарына қажетті шараларды қолдану үшін хабарлама жіберіп отырады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған пилоттық жобаны биыл аяқтап, 2026 жылы қолданысқа енгізбек.
«Министрлік жасанды интеллектті пайдалана отырып, бас жоспарларды және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асырудан кейінгі бақылау технологиясын пилоттық жоба ретінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Елдімекендердің аумағын қарау кезінде компьютердің мүмкіндігін қолдану көзделіп отыр. Алынған нәтиже жүйеде егжей-тегжейлі жоспарлаудың цифрлық жобасымен және бас жоспармен салыстырылуы керек», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.
Оқи отырыңыз: Чика бұйрық бергеннен кейін төбелес басталды: Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды