Бақыт Құсақбаева қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Бақыт Құсақбаева дзюдодан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Үшінші орын үшін белдесуде Құсақбаева Түрікменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.
Оқи отырыңыз. "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар.
Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында асырап алған мүгедек баласын қорлап келген әйел жазаланды