Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

Sreehari Devadas/unsplash.com/
Sreehari Devadas/unsplash.com/

Ол 10 секунд бойы сезілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Yeni Şafak басылымының мәліметінше, Ыстамбұлдың Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісінен кейін, магнитудасы 6,2 болатын екінші жер сілкінісі тіркелген. Ол 10 секунд бойы сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі жергілікті уақытпен 12:49-да тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде, Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде орналасқан.

Оқи отырыңыз:  Үндістандағы атыста қаза тапқандар саны 26-ға жетті

Новости партнеров